Әкім футбол алаңдары туралы: Адамдар жасанды көгалды кесіп алып, үйге төсеп қояды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысының әкімі Арxимед Мұxамбетов аймақта футбол алаңдарын ашу шаралары жайында айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбеде мен 100 футбол алаңын салдым. Қостанайда өткен жылы 14, ағымдағы жылы тағы 14 салынады. 2020 жылға дейін осы өңірде де 100 футбол алаңы ашылады. Негізі, ондай алаңдарды жасау қиын емес. Қарағанды қаласында арнайы компания бар. Солар жасайды. Шамамен, 8-12 млн теңге кетеді. Барлығы алаңның ауданына және жарық құралдарына байланысты. Қазір әрбір аулада жасап жатырмыз. Бірақ бірнеше мәселе бар. Мәселен, кейбір адамдар түнде жасанды көгалды кесіп алады да, саяжайға немесе үйлеріне апарып, төсеп қояды. Ақтөбеде ондай жағдайлар болған. Қостанай облысында да бар»- деді А.Мұxамбетов Қазақстан футбол федерациясының XVII конференциясында.

Облыс басшысының айтуынша, жергілікті билік вандалдарға қарсы шараларды қолға алды. Бүгінде жасанды көгалға пәтер иеленішулер кооперативі жауапты. Ал тауарды жеткізіп берген компания бес жылға дейін кепілдік береді. Жасанды көгалдың кемшіліктері болса, ауыстырып алуға мүмкіндік бар.

Ал Қостанайдың өзінде орталық стадионға күрделі жөндеу жұмыстары жалғасатын болады. Соның арқасында аталған нысанда орындардың саны 9550-ке дейін артады. Бұрын 5800 орын болған. Бұдан бөлек, қалада 3000 адам сыятын футбол манежі салынып жатыр. Ал футбол академиясы 50 жатын орынға есептелген. Ол жерде бірнеше алаң да болады. Паркте футбол-ленд аймағы да бар. Жалпы, бүгінде Қостанай облысы бойынша 16 мыңнан астам адам футболмен айналысып жүр. А.Мұxамбетов аталған көрсеткішті 32 мыңға дейін жеткізуді көздейді.

Айта кетейік, келесі жылы Рудный қаласында футбол академиясының құрылысы басталады.

Соңғы жаңалықтар