ӘК кезеңі: Қазақстанның спринттен 20 жылдан бергі нәтижесі жаңартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы күндері Швецияның Эстерсунде қаласында өтіп жатқан биатлоннан Әлем кубогының кезеңінде Галина Вишневская спринтте 9-ыншы болып келді.

Осылайша, Галина қазақстандық биатлоншылардың осы бағдарламадағы жетістіктерін жаңалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-қа сілтеме жасап.

Бұл нәтиже Әлем кубогы кезеңінің 1995/96 жылдарғы маусымынан бергі спринттегі Қазақстанның әйелдер құрамасы үшін ең үздік болды. Ол кезде Инна Шешкиль Германияның Оберхоф қаласында 5-орынды иеленді.

Сондай-ақ 2010/11 маусымында Марина Лебедева Оберхофта 10-ыншы болып келді.

Егер Әлем кубогынан тысқары қарайтын болсақ, 2010 жылы Ванкуверде өткен Олимпиада ойындарында Елена Хрусталева 5-інші нәтиже көрсеткен еді. 

Соңғы жаңалықтар