«Ақ бидай» ауыл спорты ойындары: Жеңімпаз өңірлер анықталды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде республикалық «Ақбидай-2017» VI ауыл спорты ойындары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Ақтөбеде бір аптаға созылған жарыс аяқталды. Еліміздің әр өңірінен келген 1300 спортшы апта бойы көкпар, аударыспақ, волейбол, шағын футбол секілді спорттың 14 түрінен сынға түсті. Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Ақ бидай» ауыл спорты ойындарынаәр аймақтың үздіктері жиналып , күн сайын жеңімпаздар анықталды.

Жұртшылықтың аса қызығушылығын тудыратын спорттық ойындар: көкпар тартудан бірінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысының командасы, топ бәйгеде - Алматы облысының командасы, аламан бәйгеде Ақтөбе облысының командасы иеленді.

Ал жалпы командалық есепте I орынды Оңтүстік Қазақстан облысы, II орынды Ақтөбе облысы, III орынды Қызылорда облысы жеңіп алды.

Жүлдегерлерді облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев құттықтады. Жеңімпаздарға медальдар мен алғыс хаттар табысталды. Айта кетейік, республикалық «Ақбидай-2021» ауыл спорты ойындары Маңғыстау облысында өтетін болады.


Соңғы жаңалықтар