АИТВ-мен күрес үшін дәрігерлер француз мамандарымен біріккен жоба әзірлеп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық мамандар Францияның Ұлттық зерттеу агенттігінің зерттеушілерімен бірге медициналық статистикалық мәліметтерді заманауи технологиялармен өңдеу негізінде АИТВ алдын алу, диагностикалау және емдеуді жетілдіруге бағытталған ортақ жоба әзірлеуге кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Француз зерттеушілерінің АИТВ-инфекциясын анықтау және мониторингтеуде үлкен тәжірибелері бар. Қоғамдық денсаулық сақтаудағы олардың прогрессивтік тәсілдері, жаңа құралдары, интервенциялары, әдістері елдегі індеттің таралу жылдамдығын төмендетуге және оны бақылауда ұстауға айтарлықтай әсер етті. Сол себепті, Қазақстанның ЖИТС қызметі француз мамандарымен бірлесе жұмыс жасауды мақұл көрді», - деді ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығының бас директоры Бауыржан Байсеркин.
null

Мамандардың айтуынша Францияның АИТВ жағдайларына электрондық бақылау жасау жүйесінің инновацияландыруы нәтижесінде үлкен жетістікке жеткен.

Осы мақсатта  Қазақстанда да АИТВ-инфекциясын анықтаудың жаңа заманауи эпидемиологиялық тәсілдерін енгізу қажеттілігі туып отыр.

Осы мақсатта ЖИТС және вирустық гепатиттер саласындағы Ұлттық зерттеу агенттігінің директоры Доминик Костаглиола бастаған француздық зерттеушілер тобы Қазақстанға келді.

Француздық зерттеушілер Астана қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Лаура Ахметниязовамен кездесті.

Француздық делегация Астана және Алматы қалаларының ЖИТС орталықтарының, үкіметтік емес ұйымдардың - АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Қазақстандық Одағының жұмыстарымен танысты.

Соңғы жаңалықтар