Ағымдағы маусымда «Астана» ФК 3,72 млн. еуро табыс тауып үлгерді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еропа Лигасының топтық кезеңінде «Янг Бойз» футбол клубымен болған тең ойын (0:0) «Астанаға» УЕФА-дан 120 мың еуро көлеміндегі сыйақы алып келді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 2016/17 маусымында «Астана» клубы өзінің бюджетін 3,72 миллион еуроға толықтырып үлгерді. Чемпиондар Лигасының екінші және төртінші біліктілік раундтарына қатысқаны үшін «Астана» сәйкесінше 320 және 420 мың еуро көлемінде табыс тапты. Елордалық клуб тағы 260 мың еуроны Чемпиондар лигасының тобына өте алмаған ел чемпиондары ретінде алады. Еуропа Лигасының топтық кезеңіне өте алғаны үшін «Астанаға» 2,6 млн. еуро беріледі.

Жалпы сома маркетингілік құқықтардан түсетін бонустар есебінен ұлғаятын болады. Айтып өтейік, барлық төлемдер маусымның соңында жүзеге асырылады.

Sports.kz

Соңғы жаңалықтар