Адам үшін ең қауіпті әлеуметтік желі анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания ғалымдары әлеуметтік желілердің адамдарға айтарлықтай зиян келтіретінін анықтады. Зерттеу жұмысы #StatusOfMind жобасы аясында жүргізілген, деп хабарлайды The Time.

Ақпаннан мамыр айына дейін 14-24 жас аралығындағы 1500-ден астам жастар әлеуметтанушылардың әлеуметтік желілердің оларға қандай да бір әсер ететіні туралы сұрақтарына жауап беріп, түрлі жағдайларға талдау жасады.

Ең танымал 5 әлеуметтік желіге талдау жүргізілді. Олардың арасында YouTube - адамның менталды денсаулығына ешқандай зиян келтірмейтін платформа ретінде бағаланды.

Екінші орында Twitter, одан кейін Facebook, төртінші орынды Snapchat иеленді. Ал, ең соңғы орында  - Instagram тұр.

Сауалнама нәтижесі бойынша, Instagram-ның ашу туғызып, депрессияға түсіретіні, сондай-ақ кемсіту алаңына айналып бара жатқаны анықталды.

Бұдан бөлек, британдық ғалымдар әлеуметтік желілерде күніне екі сағаттан артық уақыт өткізбеуді ұсынуда. Себебі, адамдар өздерін басқалармен салыстырып, өз-өзінен бас тарту сезімі ұялайды. 

Соңғы жаңалықтар