Адам өлтірген Орал тұрғыны 19 жылдан кейін Ресейде ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Аса қатыгездікпен кісі өлтіргені үшін 1998 жылдан бері халықаралық іздеуде болған оралдық тұрғын Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Бұған Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының ҚР Бас прокуратурасы арқылы іздестіруі және Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының белсенді көмегі арқасында қол жеткізілді.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 1998 жылы 23 қарашада айыпталушы жәбірленушімен бірге арақ ішкен. Ол орнынан тұрып, кетпек болған жәбірленушіге аяқ-қолын бірдей жұмсап, денесінің әр жеріне соққы келтірген. Салдарынан ол есінен танып қалған. Есін жиған кезде оның бетіне ыстық су құйып, қинап, ақыры тұншықтырып өлтірген. Кейін күдікті бас сауғалап, Ресей аумағында тығылып жүрген.

Қазіргі кезде кінәліні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Соңғы жаңалықтар