Әбілқайыр хан кесенесіне қыста мүлде жол болмай қалады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданының орталығынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан Әбілқайыр хан кесенесіне қыста мүлде жол болмай қалады. Ал жаздың әр айында 20-30 адам Кіші жүз ханы Әбілқайырға зиярат етіп барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әбілқайыр ханға арналған мемориалдық кешені 2015 жылдың күзінде ашылды. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ас беріліп, аламан бәйге ұйымдастырылды. Ал Толыбай ауылында Әбілқайыр хан музейі ашылды. Бүгінде Хан моласына арнайы барып, зиярат етушілер бар. Бірақ жол қашық, қатынас қиын. Сондықтан облыс орталығынан 550 шақырым қашықтықта орналасқан кешенге барап, тарихи орынды көруге ниет етушілер қатары аз. Қыста бұл жерде мүлде қатынас болмай қалады екен.

1 

«Айында 20-30 адам барып жүр. Қыста жол болмайды. Жазда ғана жол болады. Кей кезде Әбілқайыр кесенесіне 50-60 адам барады. Оқушылар көп. Басында үш қорықшы жұмыс істейді. Олар вахталық әдіспен еңбек етіп жүр. 15 күн сайын алмасып отырады. Кесене жанында қонақтарға арналған 2 вагон бар. Біреуі асхана, біреуі қонақжай. Хан кесенесіне зиярат етіп барған адамдар қонады. Қызмет тегін. Қорықшылар тамақ пісіріп береді»,- деді «Халықтар достығы» музейінің экскурсоводы Алпамыс Жалмұханбетов.

2 

Кесене маңына екі ай сайын тазалық жұмысы жүргізіліп тұрады. Алғашқы жылы мұнда 500 түп ағаш егілсе, қазіргі күні оның 220 түбі жайқалып өсіп тұр. Бір қиыны, Хан моласы маңынадағы жер тұзды, құдықтан су шықпайды. Тіршілік нәрі тек тасымалданады.

«Таяуда Венргиядан мажарлар келді. Олар Вангриядан жаяу шыққан екен. Мажарларды Торғай даласынан өлкетанушы Бекарыстан Мырзабаев күтіп алды. Саяхатшылар әрі зерттеушілер бейнематериал, яғни, деректі фильм дайындауға келді. Сонымен қатар, Хан моласына оқушылар жиі барады. Зиярат етушілер де келіп жүр», - деді Алпамыс Жалмұханбетов.

3 

Әбілқайыр хан мемориалдық кешеніндегі стелланың биіктігі 25 метр. Үш жүздің бірлігін білдіретін бұл стеллаға қажетті тас арнайы Башқұртстаннан әкелінген. Құрылыс жұмыстары кезінде жеткізушілер Шымкенттен тас алдырып, қылмыстық іс қозғалған соң қателік тез арада түзетілді. Алдағы уақытта мәдени-тарихи ескерткіштің аумағын қоршап, қорғау жоспарда бар. Әрі бұл маңда 1 мыңнан астам қабір бар. Тарихшы әрі экскурсовод Алпамыс Жалмұханбетов зерттеу қорытындылары шыққанымен тарих жазбаларының жаңармағанын айтып отыр. Ол «Әбілқайыр хан Ресейге өз еркімен қосылды» деген тарихтың қайта жазылатын сәті туғанын айтып, келушілер мен тыңдаушыларға зерттеушілердің жазбалары мен ғылыми еңбектерінен мысал келтіреді.

4 

«Әбілқайыр хан әлі қараланып тұр. Оны ақтау біздің жұмысымыз. Әбілқайыр ханның ұрпақтарын іздеп жатырмыз. Бауырларын анықтадық. Ол бәйбішеден үш ағайынды болған. Тоқтамыс, Әбілқайыр, Бұлқайыр. Әбілқайыр Бұланты өзені бойындағы, Қара сиыр жеріндегі шайқасқа, Аңырақай шайқасының шешуші ұрысына қатысқан қолбасшы. Жоңғарлар жеңіліп жатқан кезде Әбілқайыр ханға «Оралдағы қалмақтар Кіші жүз жеріне басып кірді» деген хабар келді. Сөйтіп, Әбілқайыр 30 мың қолына алып, інісі Бұлқайырға 40 мың қолын қалдырып, Кіші жүз жеріне кетіп қалды. Кеңес үкіметі кезінде тарихшылар бәрін бұрмалап жазды. Дегенмен музейге келген адамдарға шындықты айтамын. Тарихи шындықты ұғып алған адам оны басқа адамға жеткізеді. Оқушылармен жұмыс жүргіземіз, айына кем дегенде 2 рет мектеп балаларын шақырамыз», - деді Алпамыс Жалмұханбетов.

Айта кетейік, Әбілқайыр хан жерленген жерді зерттеу жұмысы 1978 жылдан бастап 2012 жылға дейін жалғасты. 2012 жылы Әбілқайыр ханның сүйегі қайтадан жерленді. Қазіргі күні өлкетанушы Бекарыстан Мырзабаев өңірге келген, Әбілқайыр хан кесенесіне барып, зиярат етемін деген адамдарды жанына ертіп, тарихи деректерді айтып жүр. Алпамыс Жалмұхановтың айтуынша, Батыс Қазақстан облысының ғалымдары әлі күнге дейін Орынбордың мұрағаттарынан құжаттар іздестіруде.

5 

«Екі сүйек қазылды. Генетикалық зерттеу жүргізген кезде екі сүйек теи Әбілқайыр хан ұрпақтарына сәйкес келген. Тек қазып алынған екі сүйек екі жылда өмір сүрген екен. Бір сүйек Әбілқайыр ханның өмір сүрген жылдарымен сәйкес келді. Бас сүйегіне қарап, бет-бейнесін жасаған. Әбіш Кекілбаев ауыл ақсақалдарынан «Әбілқайырды арулап көмген кезде иығында тыртық болған, бауырына қанжар қадалған» деп естіген. Әбілқайыр хан теңдесі жоқ сабақшы болған. Тевкелев өз жазбасында «Әбілқайырға тең келетін садақшыны жер бетінен көрген жоқпын» деп жазған. Ол көздемей-ақ тигізетін болған. Мергендердің оң аяғы сол аяғына қарағанда қысқа болады екен. Себебі, оң жамбасқа күш түскен»,- деді тарихшы.

2015 жылы ашылған Әбілқайыр хан музейінде құнды жәдігер жоқ. Себебі, жеке тұлғаның ешқандай заты сақталмаған. Ұрпақтары да мұражайға өз заттарын тапсырмады. «Жеке тұлғаның музейіне басқа жәдігер қоя алмайсың. Ұрпақтарының заттарын қоюға болады, бірақ көбі бейхабар. Алматыда ұрпақтары бар. Олар келе алмай жатыр. Күзге шақырдық»,- деді А.Жалмұханбетов. 

6 

Соңғы жаңалықтар