70-тен астам солтүстікқазақстандық полицейлер марапаттар мен офицерлік атақ алды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментінде ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі полиция ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық  ІІД бастығы Беріл Біләлов ішкі істер органының жеке құрамы мен ардагерлерді құттықтады. Мерекелік жиынға 70-тен астам ІІО ардагерлері мен полиция қызметкерлері қатысты.

Олардың бірі - ІІД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Бибігүл Абдулманова. Ол «полиция полковнигі» арнайы атағын алды. Бұл нәзік жанды полицей тәртіп күзетінде 20 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. Өз қызметін Конституция қабылданғаннан кейін бастаған.
null

«Басқару құрамының ең жоғары атағын осындай айтулы мереке қарсаңында алып жатырмын. Барлықтарыңызды бүгінгі мерекемен құттықтап, Конституцияның тұрақтылықтың кепілі ретінде әрбіріңіздің тыныш және бейбіт сезінулеріңізді тілеймін», - деді Бибігүл Абдулманова.
null

13 солтүстікқазақстандық полицей өздерінің алғашқы және кезекті офицерлік атақтарын алса, 8 қызметкер қызмет барысында жоғары көрсеткішке қолжеткізгендері үшін ҚР ІІМ, 40-тан астамы - ІІД бастығының марапатымен марапатталды. 

Соңғы жаңалықтар