6 тонна дизельдік отынды Ресейге заңсыз әкетпек болған азамат ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Ресей шекарасында қазақстандық азамат 6 тонна дизельдік отынмен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған жағдай Павлодар облысындағы шекаралық отрядтың «Найза авто» өткізу пунктінде тіркеліп отыр.

«Кезекші наряд 6 тонна дизелдьік отынды «Рено» көлігіне тиеп алып, Ресей Федерациясына кетіп бара жатқан 38 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Ұсталған азаматтың тауарлық түбіртегі жүктің нақты салмағына сәйкес келмейді. Яғни, түбіртекте 3950 литр деп көрсетілген», - делінген хабарламада.

Аталған оқиға бойынша Павлодар қаласының құқық қорғау қызметі мен тәртіп сақшыларымен бірлесе жұмыс атқаратын органдарға хабар берілді.

Соңғы жаңалықтар