5 желтоқсан -дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 желтоқсан күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады (көбіне қар түрінде), тек еліміздің оңтүстігінде күн райы жауын-шашынсыз өтеді.

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Қарағанды облысының кей жерлерінде  бұрқасын, көктайғақ болып,  тұман түседі,  15-20 м/с-пен соққан желдің екпіні 23 м/с-қа күшейеді.

Павлодар облысының басым бөлігінде желдің 17-22 м/с жылдамдықтағы жел кей жерлерде 27 м/с-қа жетеді, жекелеген аумақтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысында секундына 15-20 метр қашықтықпен соққан жел 23-28 м/с-қа жетуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан  облысының кей жерлерінде бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-тан 23-28 м/с-қа жетуі мүмкін.  

Жамбыл облысының кей аумақтарында тұман, көктайғақ болып,  15-20 м/с-пен соққан жел 23 м/с-қа дейін ұйытқиды.

Солтүстік Қазақстан  облысының  жекелеген бөліктерінде бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-тан түнде 23 м/с-қа күшейеді.  

Ақтөбе, Қостанай  облыстарының  кей жерлерінде  тұман, бұрқасын болып жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей аумақтарында тұман болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с-қа артады.  

Батыс Қазақстан,  Оңтүстік Қазақстан,  Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с-қа күшейеді, түнде Оңтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с, түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ  болжанады. 

 

Соңғы жаңалықтар