45 градус ыстықта жолаушылар бір жарым сағат ұшақта отыруға мәжбүр болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  -  Turkish Airlines авиакомпаниясының 3984 рейсінің жолаушыларына 45 градус температурада  ұшақ салонында бір жарым сағаттан астам уақыт отыруына тура келді.

Оқиға 25 шілдеде, сейсенбіде болды. Түріктің Анталия қаласынан мәскеулік Внуково әуежайына ұшуы тиіс лайнерде желдеткіш жүйесі жұмыс істемеген.

Қатты ыстық салдарынан бір баланың демікпесі көтерілген.  Бұл ретте экипаж жолаушылардың есікті ашып, оларды ұшақтан шығару өтініштерін орындамаған.  Желдеткіш, Turkish Airlines қызметкерлерінің айтуынша, ұшқаннан кейін ғана іске қосылуы тиіс.

Жолаушылар болса, ұшақ ұшқанға дейін бір сағаттан артық лайнерде отырған. Ұшқаннан кейін 30 минуттан соң ғана температура төмендей бастады.

Соңғы жаңалықтар