27 сәуірде ел аумағының басып бөлігінде жаңбыр жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, тек оңтүстік және оңтүстік-батыста күн ашық. Кей жерлерде найзағай, тұман, желдің күшеюі, солтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Қостанай, Ақмола облыстарында кей жерлерінде найзағай, тұман, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, желдің екпіні 25 м/с. Қостанай облысында бұршақ болуы ықтимал.

 Күндіз Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, түнде Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с жетеді. Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында түнде тұман түседі.

   Ақтөбе, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Ақтөбе облысында найзағай ойнайды.

Қарағанды, Шығыс  Қазақстан, Маңғыстау, түнде Алматы, Жамбыл облыстарының  кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

 

Соңғы жаңалықтар