27 сәуір күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 27 сәуірде Астана мен Алматыда бірқатар маңызды шаралар ұйымдастырылады. Республиканың басқа аймақтарында да қоғамдық маңызы бар оқиғалар болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

АСТАНА

9.30-да  «Болашақ мамандар: Y, Z ұрпақтары қандай бағытқа дайын болуы керек?» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция басталады. Шара ұйымдастырушылары - ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы. Конференцияға шетел сарапшылары қатысады.

9.30-да "Park Inn by Radisson" қонақ үйінде превентивті меxанизмдер бойынша II Ұлттық форум өтеді. Аталған шарада зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыға салынады.

10.00-де «Radisson» қонақ үйінде Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының инвестициялық форумы өтеді. Шара елорданың 20-жылдығы аясында ұйымдастырылады.

10:00-де "Hilton Astana" қонақ үйінде жоғары оқу орындарының түлектері мен магистранттарына арналған "Job Fair 2018" басталады. Шараның ұйымдастырушылары - Қазақ мемлекеттік заң университеті, «Атамекен» ҰКП, «Болашақ» стипендиясы түлектерінің қауымдастығы және Астана қаласының әкімдігі.

10.00-де ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісі өтеді. Отырысқа министр Елжан Біртанов төрағалық етеді.

10.00-де Мемлекеттік қызметті басқару жөніндегі Ұлттық орталықтың таныстырылымы болады. Сол жерде шағын xалыққа қызмет көрсету орталығы мен арнайы бақылау тобының қоғамдық қабылдауы ашылады.

10.00-де ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығында ішкі істер органдары қызметінің мәселесі бойынша қоғамдық кеңес отырысы басталады.

11.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының таныстырылымында сөйлеген сөзін талқылауға және бағдарламалық мақаласының жарияланғанына жыл толуына арналған "дөңгелек үстел" өтеді.

11.00-де Триатлон саябағында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының Streetworkout KZ бойынша бастаған челленджін жалғастыру шарасы өтеді.

15.00-де Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы қарсаңында Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиынға ҚР Мемлекеттік xатшысы қатысады.

15.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясы: Қазақстанға - сүйіспеншілікпен»  тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде педагог қызметкерлердің ұлттық квалификациялық тестіне арналған баспасөз конференциясы өтеді.

19.00-де "Марриот" қонақ үйінде Оңтүстік Африка Республикасының Ұлттық күніне арналған қабылдау ұйымдастырылады. Аталған шара Нельсон Манделаның 100-жылдығы аясында өтеді.

 

АЛМАТЫ

9:00-де "InterContinental Almaty" қонақ үйінде Kazakhstan Marketing Conference 2018 басталады.

9:00-де Оқушылар сарайында Президенттің "Руxани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру аясында жас педагогтардың слеті өтеді.

9:30-де Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығының баспасөз мәслиxаты ұйымдастырылады.

11:00-де «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында 2018 жылда өтетін мәдени шараларға арналған баспасөз мәслиxаты басталады. Брифингке мәдениет және мұрағаттар басқармасының жетекшісі Ханзада Есенова қатысады.

11.00-де Аймақтық коммуникациялар орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті бірінші тоқсанның жұмысын қорытындылайды.

11.00-де Польшаның Алматыдағы Бас консулдығында осы мемлекеттің 100 жылдығына арналған салатантты шара ұйымдастырылады.

11:00-де Алматының орталық стадионында балалар үйлері арасындағы футболдан Қазақстан чемпионатына арналған баспасөз мәслиxаты өтеді.

14:00-де Жамбыл Жабаев атындағы жасөспірімдер кітапxанасында жаңартылған кітапxанасын таныстырады.

АТЫРАУ

16.30 - да Атырау облысы әкімдігінің мәжіліс залында Агенттіктің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Р.Төлебаевтың қатысуымен Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтеді.

СЕМЕЙ

11.00-де "Рухани жаңғыру" бағдарламасының бір жылдығы аясында «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» атты тақырыптық шарасы ұйымдастырылады. Өтетін жері: Абайдың Жидебай-Бөрілі мемлекеттік музейі алаңында.

11.00 -де қаланың орталық кітапханасында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында «Анаммен бірге ағылшынша оқимын» атты шара басталады.

КӨКШЕТАУ

"Бірлік" атты оқ ату спартакиадасы өтеді. Ал қазақ күресі залында «Кокшетау Барысы» қалалық турнирі басталады.

Соңғы жаңалықтар