26 мамырда Астанада Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен «Ұлы дала» гуманитарлық форумы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемге әйгілі ғалымдар Астанада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалық мақаласын талқылайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА TWESCO-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық форум Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы негізгі міндеттер мен тезистерді талқылауға арналған.

Форумға Америка, Еуропа мен Азияның танымал ғалымдары келеді деп күтілуде. Шараны Халықаралық Түркі академиясы (TWESCO) ұйымдастырып жатыр. Екінші рет өткізіліп жатқан форумның жұмысына халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломаттар қатысады.

Форумның жұмысы барысында рухани жаңғыру жолы, ғылыми интеграция мен жалпы құндылықтар, әлемдік өркениет мәнмәтініндегі түркі мәдени мұрасы,  түркі тілдері мен әдебиеттерін зерттеу мен дәріптеу, сондай-ақ тарихи жады тақырыптары бойынша 6 секцияда өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар