24 қазанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 18 қазан күні республика аумағында өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.

Бүгін елордада 9:30-13:00 аралығында «Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорында» («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) ортақ құрылыс бойынша Консультативтік кеңестің кеңейтілген мәжілісі өтеді.

Тақырыбы: нормативке өзгеріс енгізу -  Тұрғын үй құрылысындағы үлескерлік қатысу саласы бойынша заңда көрсетілген ортақ құрылыс және жоспарланған өзгерістер енгізу құқықтық базасы, тұрғын үй құрылыс кепілінің механизмін кеңінен тарату жөніндегі Құқықтық қабылданатын шара аясында туындайтын сауалдарды талқылау.

Айта кетейік, Консультативтік кеңес «Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры» аясында Тұрғын үй құрылысындағы үлескерлік қатысу саласында көптеген кедергілерді жою мақсатында құрылған. 

Өтетін жері:    Астана, Қарасақал Ерімбетов көшесі  65, «Jumbaktas» қонақ үйі, «Абылайхан» залы.

11:30-да ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері мен Ақтау, Қарағанды, Қостанай жоғарғы оқу орындарының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Тақырыбы: «ЭКСПО-2017 көрмесінде ұсынылған жаңа ғылыми әдістер мен ғылыми әдіс тәсілдері қолдану».

Сағат 12:00-де Астана қалалық әкімдігінің баспасөз мәслихаты орталығында елордалық театрлардың күзгі маусымын ашу бойынша баспасөз мәслихаты өтеді. Онда ҚР мемлекеттік қазақ музыка-драмалық академиялық театрының жетекшісі Айболат Сексембаев пен «Жастар театрынан» Ернар Жұматаев жаңа маусымда театр ұжымдарының қойылымдары мен елордалық театр өнерлерінің даму барысын сөз етеді.

12:20-да Орталық коммункациялар қызметінде  еліміздің Білім және ғылым министрлігі мен Ғылым қорының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. Онда министрліктің Дүниежүзі банкінің «инновациялық технологияларға құлшынысы» жобасының нәтижесі айтылады.  Баспасөз мәслихатына ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірасылов пен «Инновациялық технологияларға құлшыныс» жобасы бойынша құрылған топ директорының орынбасары Мұрат Сартбаев, аталған жобаның аға менеджері Бауыржан Ерешев және бірқатар жауапты мамандар қатысады.

14:10-да инновациялық даму және кәсіпкерлікті дамыту, экономикалық саясат Комитетінің «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы №2967-KAZ Қарыз туралы келісімге (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 2 Дәліз инвестициялық бағдарламасы [Маңғыстау облысындағы учаскелер] - 2-жоба) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы келісім-хатты ратификациялау туралы» заңы бойынша кеңейтілген мәжіліс өтеді.

15.00-де Қазақ мемлекеттік заң университетінде Астанадағы БҰҰ күні аталып өтеді. Онда алты ЖОО-ның (Қазақ мемлекеттiк заң университетi, Назарбаев университеті, Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, КИМЭП, Абылайхан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және шет тілдері университетінің) студенттері шығармашылық формадағы 17-ші Тұрақты Даму Мақсаты бойынша өздерінің 17 ұсынысын (бейнекөрініс, би, ән және қызмет ету) сөз етеді. 17 мақсат - бұл БҰҰ-ға қатысушы елдердің  өкілдері қатысқан 2030 жылға дейінгі әлемдегі жаңа шақыру. Оның мақсаты кедейшілікті жою, жер бетіндегі ресурсты сақтау және барлығына жағдай жасауға бағытталған.  Құрамында БҰҰ Агенттінің, Сыртқы істер министрлігі,  Дипломатиялық корпустың, жеке сектор мен  университет қатысушылары бар қазылар алқасы үздік деген жеңімпаздарды анықтап, сыйлықтар табыс етпек.

16:20-да Орталық коммуникациялар қызметі алаңында алғашқы медициналық-санитарлық көмек және медициналық қызметтердің қолжетімділігі бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.  Онда Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Республикалық денсаулық сақтау орталығының Бас директоры Айнұр Айыпханова мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық көмектерді ұйымдастыру департаментінің директоры Лаура Ахметниязова медициналық-санитарлық көмектер мен медициналық қызметтердің қолжетімділігі жөнінде айтып өтеді.

Соңғы жаңалықтар