22 қараша күні қандай маңызды шаралар өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі оқырман қауымға 22 қараша күні өтетін маңызды шаралар легін таныстырады.

Астана қаласы

Сағат 10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысы өтеді.

Сағат 10.00-де «Мәскеу» орталығында Астана кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтеді.

Сағат 10.00-де Radisson отелінде «Діни қызмет саласында заңдылық пен құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтеді.

Сағат 10.30-да «Атамекен» алаңында ҚР «Атамекен» ҰКП президиум төрағасы хатшылығының жетекшісі, іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова мен «Атасойлар Престиж» холдингі басқарма басшысы Незакет Эмине Атасойдың (Түркия Республикасы) екіжақты кездесуі өтеді.

Сағат 11.00-де тікелей инвестициялар қорының құрылуына байланысты баспасөз брифингі өтеді.

Сағат 11.00-де ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің медиаорталығында Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті мен «НГК «Казгеология» АҚ-ның биылғы он айдағы жұмыс қорытындыларына арналған брифинг болады.

Сағат 11.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Жаңа Жібек жолы 2018»  халықаралық экспедициясына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 11.00-де ҚР Білім және ғылым министрлігі және Астана әкімдігінің ресми қолдауымен «Атакент-Экспо» халықаралық көрме компаниясы «Көрме» көрме орталығында «Білім және ғылым - 2017» атты ХV қазақстандық халықаралық көрмесін өткізеді.

Сағат 12.00-де «Үкімет үйінде» ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, осы министрліктің электронды денсаулық сақтауды дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы Бейбіт Есенбаев, сондай-ақ ШЖҚ «Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығы» РМК бас директоры Олжас Әбішевтің қатысуымен баспасөз мәслихаты болады.

Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстандағы биологиялық алуан түрлілікті сақтау мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты болады.

Сағат 14.00-де Тәуелсіздік күні мен ҚР тұңғыш Президенті күніне арналған «Тәуелсіздігім - теңдігім, егемендігім - елдігім» атты жас айтыскер ақындардың сайысы өтеді.

Сағат 16.00-де Мәжілісте «нұротандық» депутаттар «2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында базалық ЖОО-ларда құрылған зертханалардың жай-күйі мен оларды дамыту» тақырыбында отырыс өткізеді.

Ақмола облысы

Бурабай ауданында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асхат Қайнарбековтің төрағалық етуімен кең таралған пайдалы кендерді пайдалану мәселелері бойынша кеңес өтеді. Шара Бурабай кентіндегі «Әлем» отелінде болады.

Шығыс Қазақстан облысы

22-23 қараша күндері «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» күре жолының 118-123 км бөлігінде «Республикалық маңызы бар Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы автожолында төтенше жағдайларды жою бойынша кешенді шараларды ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында бірлескен қазақстандық-ресейлік жаттығулар болады.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сағат 10.00-де М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің акт залында фермерлердің аймақтық конференциясы өтеді. Облыс аудандарынан 600-дей фермер қатысатын жиында мемлекеттік қолдауға қолжетімділік, жайылымдар мен суармалы жерлерді көбейту, «Агробанкті» құру мәселелері талқыланбақ.

Сағат 11.00-де ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің ұйымдастыруымен әзіл-сықақ және сатира театрында мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловтың 125 жылдығына арналған «Ұлтын сүйген ұлы тұлға» атты шара болады.

Сағат 15.00-де А.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында  белгілі абайтанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам және мемлекет қайраткері, ОҚО-ның құрметті азаматы, М.Әуезов атындағы гуманитарлық зерттеу институтының директоры Мекемтас Мырзахметұлымен кездесу кеші өтеді.

Соңғы жаңалықтар