2030 жылға дейін Қазақстанның тең жартысы газбен қамтылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2030 жылға дейін халықтың 56%-ының газбен қамтылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, жыл соңына дейін 8 жоба жүзеге асырылып, Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі 11 елдімекенге газ жеткізіледі.

"2017 жылы республикалық бюджет есебінен 8 жобаны жүзеге асыру жұмыстары аяқталады, бұл Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарындағы 11 елдімекенді (шамамен 30 мың адам) газдандыруға мүмкіндік береді. Біздің болжамға сәйкес, 2030 жылы халықты газдандыру деңгейі 56%-ға жетеді", - деді Қанат Бозымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, министр елді газбен қамтамасыз ету жұмыстарының кезең-кезеңімен жүзеге асып келетінін және соңғы 10 жылда 8 миллионнан астам адамның немесе халықтың 46,3%-ының газбен қамтылғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар