2020 жылға қарай инфляцияның жылдық деңгейі баяулайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Инфляция жыл қорытындысы бойынша 6-8 пайыз нысаналы дәліздің ішінде қалады. Бұл туралы бүгін селекторлық режімдегі Үкімет отырысында  ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Инфляция өткен жылғы 5,6 пайызбен салыстырғанда,  2017 жылғы 9 айда 4,2 пайыз деңгейде қалыптасты. Қыркүйекте жылдық инфляцияның 7,1 пайызды құрап, нысаналы дәліздің ортасында тұр. Инфляция жыл қорытындысы бойынша 6-8 пайыз нысаналы дәліздің ішінде қалады.  Ұлттық банк 2018 жылға инфляция бойынша нысаналы бағдарды барынша төмен 5-7 пайыз мәнде белгіледі. 2020 жылға қарай Ұлттық банк инфляцияның жылдық 4 пайыз деңгейге дейін баяулауын күтеді», - деді Д. Ақышев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2017 жылғы 9 айындағы қорытындысы жайында баяндау барысында.

Мұнымен қоса ол базалық мөлшерлемеге тоқталды.

«Базалық мөлшерлеме Қазақстан Республикасындағы ақша құнының негізгі индикаторы болып табылады. Ұлттық банк жыл басынан бастап оның мәнін үш рет төмендетті , яғни 12 пайыздан 10,25 пайызға дейін. Бұл инфляцияны төмендетудің оң серпініне және болжамдық мәндерге сәйкестігіне негізделді.

Соңғы жаңалықтар