2020 жылға дейін Қостанай мен Өскемен әуежайының ұшу-қону жолақтары қайта қалпына келтіріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылға дейін Қостанай мен Өскемен әуежайының ұшу-қону жолақтары қайта қалпына келтіріледі. Бұл жайында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі таратқан ақпаратта айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Семей қаласы әуежайының аэровокзалы мен жермен жүру жолдарын, ұшу-қону жолағын қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. 2020 жылға дейін Қостанай мен Өскемен қалалары әуежайының ұшу-қону жолақтарын қайта қалпына келтіру жоспарлануда»,-  делінген хабарламада.

Министрлік хабарламасында биылғы жылдың 31 мамырында Астана қаласы әуежайының жаңа жолаушылар терминалы пайдалануға берілген сәттен бастап «LOTPolish Airlines», «WizzAir», «FinnAir», «Air China», «Lufthansa», «Air Arabia» сынды 19 шетелдік әуе тасымалдаушысының  халықаралық рейстеріне қызмет көрсетіліп келе жатқандығы айтылған.

«2017 жылдың қаңтар-маусым кезеңінде транзиттік ұшу 2016 жылдың (81,3 млн ұшақ шақырымы) сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 пайызға артып, 83,8 млн шақырымға артқаны байқалады. «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу кезеңінде барлық шетелдік әуе тасымалдаушылар үшін Астанаға аптасына 7 рейске дейін орындау құқығы берілді», - дейді министрліктен.

Соңғы жаңалықтар