2018 жылы туристер үшін ең қауіпті елдердің картасы жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - International SOS медициналық сервистік компаниясы саяхатшылар үшін ең қауіпті және қауіпсіз елдер белгіленген интерактивті карта жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компанияның сайтында орналасқан картада мемлекеттер туристер үшін қауіптіліктің деңгейіне байланысты әртүрлі түстермен көрсетілген.

​​Саяхаттау үшін аса қауіпті елдер қызыл түспен белгіленген. Оларға Сирия, Мали, Ливия, Оңтүстік Судан, Йемен, Ауғанстан және Сомали жатады.

Туристерге барынша қауіпсіз саналатын елдер жасыл түспен көрсетілген, олар - Финляндия, Норвегия және Исландия.

Ал Қазақстан, Ресей, Қытай, Бразилия «қауіптілік деңгейі тез өзгеретін» елдерге жатқызылған.

Сары түспен айшықталған Қара теңіз маңында орналасқан Түркия, Украина сияқты мемлекеттердің қауіптілік деңгейі орташа саналады.

Қызғылт сарымен белгіленген қауіпті елдер қатарында Өзбекстан, Моңғолия және Африканың бірқатар елдері бар.  

Соңғы жаңалықтар