2018 жылы «Іле-Балқаш» табиғи резерваты мен «Тарбағатай» ұлттық паркі құрылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы «Іле-Балқаш» табиғи резерваты мен   «Тарбағатай» ұлттық паркі құрылады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«2003 жылы  22 млн гектар немесе мемлекеттік орман қорының жалпы алқабының 79 пайызы бекітілген 123 орман шаруашылығы мекемесі облыстар әкімдіктеріне берілді.  Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда, осы жылдар ішінде әкімдіктер орман шаруашылығының жай-күйін жақсарту жөнінде шаралар қолданбады десе де болады. Орман шаруашылықтары қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылады, материалдық-техникалық жарақтандыру нормативтік мөлшердің 64 пайызын құрайды. Орман шаруашылығы қызметкерлерінің сапалық құрамы нашарлап кетті. Білікті кадрлардың тұрақтамауы байқалады. Ормандарды молықтыру көлемі, бұдан бұрын айтқанымыздай, қысқарып барады», - деді вице-министр.  

Оның айтуынша, аталған жайттарға байланысты әкімдіктер Ауыл шаруашылығы министрлігі әлденеше рет тапсырған шараларды қолдануы керек.

«Ал ахуал 3 жыл ішінде түзеле қоймаған жағдайда орман шаруашылықтарының облыс әкімдіктерінің қарауында болуының орындылығы туралы мәселені қарау қажет деп есептейміз. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, яғни қорықтарға, ұлттық парктерге және резерваттарға келетін болсақ, Үкімет белгілеген барлық индикаторлар орындалуда. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту жоспарына сәйкес келесі жылы «Іле-Балқаш» табиғи резерваты мен   «Тарбағатай» ұлттық паркі құрылады.  Елбасының Астана қаласының төңірегінде жасыл аймақ құру жөніндегі тапсырмасы ерекше бақылауда және мұнда да белгіленген жоспарлар толық көлемінде орындалуда.  Жасыл аймақтың жалпы алқабы 80 мың гектарға дерлік жетті»,-  деді Ерлан Нысанбаев.

 

Соңғы жаңалықтар