2018 жылдан бастап зейнетақы жүйесі қалай есептеледі

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Әйелдердің зейнет жасының ұлғаюына байланысты келер жылдан бастап Қостанайда 6 мыңнан астам әйел зейнетке кеш шығады. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде мәлім етілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептік орталығы Қостанай облыстық филиалының директоры Гүлсім Хасанованың сөзіне қарағанда, облыста 133 мың зейнеткер бар. Оларға өткен 11 айда 112 млрд теңгеден астам қаражат аударылды.

«Бұл қаржының 107 млрд теңгесі  республикалық бюджеттен, 4,5 млрд Әлеуметтік сақтандыру қорынан алынды. Өздеріңізге белгілі, келер жылы базалық зейнетақыны есептеу жұмыстарына өзгерістер енгізіледі. 1960 жылы туған әйелдер зейнетке  жарты жыл кеш шығады. Қазірге дейін өңірде мұндай санатқа кіретін 6 мың әйел бар», - деді Хасанова.

Мәселен, 1960 жылы туылған әйел 2018 жылдың тамыз айында зейнеткерлікке шығады, оның 1998 жылға дейін 17 жыл өтілі бар. Өткен 19 жылдағы жинақталған зейнетақы қаражаты 2,5 млн теңге, ал соңғы уақытта алған жалақы мөлшері 100 мың теңге болған делік. Сөйтіп, БЖЗҚ-нан төленетін төлемдер 20 653 теңгеге тең болады, оған қоса мемлекеттің базалық зейнетақысы - 28 274 теңге төленеді. Еңбек өтілі 36 жыл болғандықтан, 1998 жылға дейінгі 17 жыл үшін де 51 мың теңге міндетті зейнетақысын алады. Осылайша, оның толық зейнетақысы барлығы 99 927 теңге болады.

Жиында мәлім болғандай, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі жоқ немесе ол алты айдан төмен болған азаматтар ортақ жүйеде белгіленген зейнетақыны ала алмайды. Дегенмен бұл азаматтар мемлекет тарапынан зейнетақымен қамсыздандындырудың ең төменгі кепілдіктерін (базалық зейнетақы) алуға құқылы.

Соңғы жаңалықтар