2018 жылдан бастап ауылдардың өз бюджеттері болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдан бастап еліміздегі ауыл әкімшіліктері өз бюджеттерін құра алатын болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Еліміздің бюджеттік жүйесі үш деңгейден тұратынын білесіздер. Ауыл округтері деңгейінде жеке бюджет жоқ. Шамамен 2,5 мың ауыл бар. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, xалқы 2 мыңнан асатын ауыл округтерінің деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті мемлекеттік бюджеттің төртінші бюджеті ретінде құрылады. Ал 2020 жылдан бастап барлық ауылдарға енгізіледі", - деді ол.

Оның сөзінше, ауыл бюджеті жеке кіріс салығынан, азаматтардың мүлік салығынан, жеке және заңды тұлғалардың көлік және жер салығынан, жол бойына орнатылатын сыртқы жарнамадан және өзге де салықтық емес кірістерден толығады. Бюджеттің атқарылуын ауыл округінің әкімі мен аппараты өз мойындарына алады.

Соңғы жаңалықтар