2017 жылғы Emmy сыйлығының лауреаттары белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық актерлер Кеннет Брана мен Анна Фрил 2017 жылғы Emmy халықаралық телевизиялық сыйлығының иегерлері тізіміне кірді. 

Салтанатты табыстау рәсімі дүйсенбіде Нью-Йоркте өтті, деп хабарлайды ТАСС.

Брана "Валландер" сериалындағы рөлі үшін үздік актер атанса, Фрил "Марчелла" сериалындағы жұмысы үшін наградаға ие болды.

Үздік деректі жоба ретінде британдық Би-би-си телерадио хабар тарату корпорациясының EXODUS: Our Journey to Europe сериалы марапатталды. Бұл сериалда Еуропаға бет түзеген қашқындардың оқиғасы айтылады. Үздік драмалық сериал болып норвегиялық Mammon II танылды. 

Соңғы жаңалықтар