2017 жылдың 26 сәуірінде Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 26 сәуірінде 15.00-де Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен «Тұрақтылық, бірлік, келісім - жаңғырту негізі» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы өтеді.

XXV сессия жұмысына 1 500-ден астам адам қатысады.

Олардың қатарында барлық аймақтан жиналған Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқару органдарының, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, ЖОО ректорлары, шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері және БАҚ бар.

Сессия аяқталған соң, салтанатты концерт өтеді.

ҚХА XXV сессиясы қарсаңында 2017 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда ҚХА қызметінің бірқатар өзекті мәселелері қаралады. 

Соңғы жаңалықтар