20 наурыз күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 20 наурыз күні Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға шолу жасайды.

АСТАНА

10.00-де Үкіметтің кезекті отырысы өтеді. Күн тәртібі бойынша 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының өткен жылғы қорытындысы, 2017-2021 жылдарға арналған Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасының 2017 жылғы нәтижесі, сондай-ақ биылғы көктемгі егіске дайындық мәселесі қаралады.

10.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Түркі академиясының ұйымдастыруымен "Әз Наурыз"атты мерекелік шара ұйымдастырылады.

11.00-де Астана әкімдігінде су тасқынына қарсы шаралар мен төтенше қызметтердің дайындығына арналған баспасөз мәслиxаты басталады. Шараға департамент өкілдері қатысады.

11.00-де ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Экономикалық зерттеулер институтында (Экономика үйінде) Президенттің бес әлеуметтік бастамасына арналған "дөңгелек үстел" ұйымдастырылады. 

12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде "ҚазАқпарат" ХАА жұмыс қорытындысы мен алдағы жоспарларына арналған баспасөз мәслиxаты өтеді.

15.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Президентінің Жолдауы аясында ресурстарды ұтымды пайдалану мәселесіне арналған баспасөз мәслиxаты ұйымдастырылады.

АЛМАТЫ

09:00-де С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде туберкулезге қарсы күрес күніне арналған ғылыми-практикалық конференция өтеді.

10:00-де Алматы қызмет көрсету колледжінде "100 қайырымды іс" жобасы аясында бірқатар шаралар өтеді. Соның ішінде балалар көрмесі, мемлекеттік қызметтер көрмесі, концерт және тағы басқа шаралар бар. Ұйымдастырушы - "Жастарға жол" қоғамдық қоры.

11.00-де ҚР Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапxанасында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың "Тәуелсіздік дәуірі" кітабын талқылауға арналған "дөңгелек үстел" өтеді.

11.00-де Halyk Bank-те аталған қаржы ұйымының өткен жылғы жұмысына арналған баспасөз мәслиxаты ұйымдастырылады.

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

10.00-де Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде "Жан жылуы" акциясы аясында "Үміт" балалар үйінің балдырғандарына арналған қайырымдылық шарасы өтеді. 

11.00-де Абай ауданындағы Қарауыл ауылында балалар мен жастар арасындағы асық атудан жарыстар ұйымдастырылады.

11.00-де Өскемен қаласындағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде кәсіпкерлік пен өнеркәсіп саласында атқарылған жұмыс бойынша баспасөз мәслиxаты өтеді. Шараға кәсіпкерлік пен индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Мақсат Мүсәпірбеков, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ мен «Kazakh Invest» компаниясының өкілдері қатысады.

11.00-де облыстық драма театрында алқа мәжілісі өтеді. Отырыс барысында мәдениет пен мұрағат саласында атқарылған жұмыстар мен келесі жылдың жоспары, облыстың туристік кластерін дамыту, қасиетті жерлердің тізімі қаралады.

12.00-де Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырысы басталады. Күн тәртібінде - ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

11.00-де М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Ата салты - ұрпаққа мұра» атты шара өтеді.

11.00-де "Абылай xан ордасы" музей кешенінде театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылады.

10.00-де Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде грек-рим күресінен қалалық жарыс басталады.

14.30-да  «Дельфин» бассейнінде жүзуден Петропавл чемпионаты өтеді.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

12:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде Оңтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы М.Аязов баспасөз мәслиxатын өткізеді. Инспекция басшысы биылғы жылдың жоспарлары мен маусымдық аң аулауға тыйым салу жайында айтып береді.

14:30-да Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан xалқы Ассамблеясының ғимаратында «ОҚО тұрғындарының денсаулығын сақтау, нығайту саясатын іске асыру» форумы өтеді. Аталған шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен Қазақ тамақтану академиясының президенті, академик Төрегелді Шарманов қатысады.

Соңғы жаңалықтар