20 мың теңге үшін танысын өлтірген қостанайлық 9 жылға сотталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Танысын буындырып өлтірген Қамысты ауданының 32 жастағы тұрғыны 9 жылға сотталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі

Қайғылы оқиға былтырғы жылдың 20 қазаны күні болған. Анықталғандай, 32 жастағы қамыстылық танысын 20 мың теңге үшін өлтірген.

«Қамысты ауданының тұрғыны А.Рерих өз үйінде 46 жастағы Е.Грушева есімді танысымен бірге спирттік ішімдік ішеді. Сәлден соң олардың арасында жанжал туындайды. Себебі Рерих Грушевадан бұрынғы қарызын сұрайды. Әйел қанша ақталғанымен, Рерих ашуға булығып, оны 20 минут бой буындырады.  Бұған қоса күдікті жәбірленушіні тепкінің астына алады», - делінген облыстық соттың баспасөз қызметі хабарламасында.

Біршама уақыттан соң Рерих әйелдің мүрдесін жертөлеге апарып тастайды. Екі күн өткен соң ол өзінің танысы, бұрынғы тәртіп сақшысына қоңырау шалып, үйінен әйел адамның денесін тауып алғанын айтады. Ал экс-полицей жергілікті учаскелік инспекторға хабар берген. Тергеу кезінде күдікті өз кінәсін мойындады.

Ол осы қылмысы үшін 9 жылға сотталды. Жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Соңғы жаңалықтар