22:32, 19 Қаңтар 2018 | GMT +6
20 қаңтар күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 20 қаңтар күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.
АСТАНА
10.00-де «Сарыарқа» велотрегінде «Велосипед спорты бойынша олимпиадалық дайындық орталығы» РМКК велосипед спортының әуесқойлары арасында «Velo life» жарысын өткізеді.
11.00-де Rixos President Astana қонақ үйінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы білім және ғылым минстрлігінің қолдауымен Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық білім көрмесі - «International Education Fair 2018» өткізеді. Көрмеге 100-ден астам отандық және АҚШ, Ұлыбритания, континенталды Еуропа мен Азия және ТМД сияқты шет ел жоғары оқу орындары, тіл үйрету мектептері мен білім агенттіктері қатысады.