19 наурыз күні Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 19 наурыз күні Қазақстанда болатын маңызды оқиғаларға шолуын ұсынады.

Сағат 10.00-де ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысы.

Сағат 11.00-де Астана қаласы Білім басқармасының бастамасымен «Мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа стандартына сәйкес балабақшаларда орындарды есепке алуды ұйымдастыру» тақырыбында брифинг өтеді.

Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде жылы маусымдарға арналған Қазақстан бойынша ауа-райы болжамы туралы баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 15.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының және Венгрияның білім беру саласындағы ынтымақтастығына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Тарихи және мәдени мұралар объектілерін пайдалану және қорғау туралы» ҚР Заң жобасына арналған баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 19.00-де Қазақстандағы Қытай Халықтық Республикасының елшілігі ғимаратында Наурыз мерекесіне орай қабылдау өтеді. Қабылдауда ҚХР Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй сөз сөйлейді.

АЛМАТЫ

Сағат 11.00-де Алматы қаласындағы Достық үйінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасына орай жиын өтеді.

АҚТӨБЕ

Сағат 12.00-де облыстық Планетарийде «Қош келдің, нұрлы Наурыз» атты мерекелік шара өтеді.

Сағат 15.00-де облыстық «Руханият» музейінде «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты мектеп оқушыларының сурет көрмесі ашылады.

Соңғы жаңалықтар