17 қазан күні өтетін маңызды іс-шараларға шолу

None
None
АСТАНА,ҚазАқпарат -  «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 17 қазан күні елімізде өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.

Сейсенбі, 17 қазан сағат 10.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде 2017 жылдың 9 айындағы ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің орындалуы, 2016-2019 жылдарға арналған білім және ғылым дамуының мемлекеттік бағдарламасының орындалуы және жекешелендірудің жүргізу барысы қаралады. Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Ұлттық экономика вице-министрі Р. Е. Дәленовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Сейсенбі, 17 қазанда сағат 15.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінде «Халық коммунистері» фракциясының кеңейтілген отырысы өтеді.

Жиында «Аулаларды кооперациялау-өнімділікті арттырудың жолы» мәселесі қарастырылады. Кеңейтілген отырыста «Халық коммунистері» фракциясының жетекшісі Владимир Косарев пен Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко сөз сөйлейді деп күтілуде. Сондай-ақ ҚР АШМ бірінші вице-министрі Қ. Айтуғанов, Мәжілістің ауыл шаруашылығы мәселелері комитетінің мүшесі А. Қоңыров Қазақ ұлттық аграрлық университетінің экономика кафедрасының профессоры, э.ғ.к  Ғ. Мадиевтер баяндама жасайды деп күтілуде.

17 қазанда сағат 10.00-де «Қазжол» қонақ үйінде «Қазақстандық телеарналар контентінде сандық технологияларды қолдану» атты бірінші өңірлік форум өтеді. Жиында сандық технологиялар саласындағы заманауи тендециялары талқыланып, украиналық алдыңғы қатардағы әріптестермен тәжірбие алмасу болады. Форум аясында Ұлыбританияның телерадиотарату саласындағы «Thomson Foundation» кәсіпорнының бағдарламалық құрылым өндірісіндегі басқару моделдері мен тәжірбиесі оқытылатын болады.

17 қазанда сағат 08.30-да Қазақстан құтқарушыларының кәсіби мерекесі - Құтқарушылар күні қарсаңында ҚР ІІМ ТЖ Комитеті азаматтық қорғаныс нысандарында БАҚ өкілдері мен блогерлерге баспасөз-турын ұйымдастырады. Баспасөз туры Астана қаласындағы ҚР ІІМ ТЖ комитетінің құтқару бөлімшерлерінде бір күн бойы жалғасады. Сапар барысында журналистер қауымы төтенше жағдайлардағы басқару орталығының, «ҚазАвиақұтқару» АҚ құтқару авиациясымен, апатты медицина орталығының, орталық өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының, және Астана қаласының өрт сөндіру бөлімдерінің жұмысымен танысатын болады.

Қазан айының 17-18-і күндері сағат 10.00-де Астана қаласы әкімдігі, Дін істері басқармасы мен «Мәдениет бейбітшілік арқылы» халықаралық қауымдастығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру - даму мен келісім жолы» атты халықаралық конференция өтеді. Конференция ғылым мен мәдениет қауымдастығы өкілдерінің, алуан мемлекеттердің мемлекет қайраткерлері мен діни көшбасшылардың ашық пікір алмасу алаңы болмақ. Конференция аясында Еуразия халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысы, Рухани мәдениеттің дүниежүзілік форум президиумының дөңгелек үстелі, рухани келісім күніне арналған гала-концерт, әртүрлі шеберлік сыныптары өткізіліп, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 1 000 отбасыға азық түлік жеткізіледі деп жоспарланған.

17 қазанда сағат 15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында (Астана қ. Достық, 11 ҚХА залы) Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Д.Мыңбай мен Польша Республикасы әкімшілігі мен ІІМ Мемлекеттік хатшысы - репатриация мәселесі бойынша Уәкілі С. Хвалекпен кезедеседі.

Кездесуге Польша Республикасының Қазақстандағы елшісі Селим Хазбиевич пен Польша ІІМ азаматтық және репатриация департаментінің директоры М. Зелинский, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері мен БАҚ қызметкерлері қатысады.

Соңғы жаңалықтар