15 ақпаннан бастап Астана - Жуковский әуе рейсі іске қосылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 15 ақпанынан бастап, қазақстандықтар Астанадан Мәскеу түбіндегі «Жуковскийге» тікелей ұшып келе алады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Уральские авиалинии» әуе компаниясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Одан бөлек, әуе компаниясы Астанадан ыңғайлы уақытта 18:15-те шығып, Мәскеуге жергілікті уақытпен 18:55-те жетеді. Мәскеуден 11:00-де ұшқан ұшақ Астанаға 17:15-те келеді.

Жаңа халықаралық рейс аптасына үш рет (сәрсенбі, жұма, жексенбі) ұшады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан мен Ресейдің авиация билігі Жуковский - Астана және Жуковский - Алматы бағыттары бойынша рейс ашу туралы келісімге келген еді.

Соңғы жаңалықтар