13 мың петропавлдық үй кезегінде тұр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат -  Петропавлда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша биыл 11 көп пәтерлі үйді пайдалануға беру жоспарлануда, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оның жалпы алаңы 83,3 мың шаршы метр. Үйді салуға 4,5 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Үш үй белгіленген мерзімінен бұрын тұрғызылды.

Әрқайсысы 100 пәтерлік төрт үй 19-шы шағынауданында салынып жатыр. Құрылысқа 2 миллиард теңгеге жуық бөлінді. Әр үйдегі тұрғын алаңы  - 8,4 мың шаршы метр. Екі үй қазанда, тағы екеуі - желтоқсанда пайдалануға енгізіледі.

 «Петропавлда тұрғын үй алуға кезекте 13 мың адам тұр. Бүгін «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы комиссия мердігерлермен кездесті, проблемалық мәселелерді анықтады. Олардың біреуі - ауланы   абаттандыру. Қазір бұл мәселе бойынша құрылысшылар мен тапсырыс берушілер арасында келісім  жоқ. Мәселені талқылау үшін қыркүйекте кездесеміз», - деді қалалық мәслихат депутаты Кеңес Мұқышев.

Қазір объектілерде кірпіш қалау, сылақ, ішкі әрлеу жұмыстары  жүріп жатыр. Үйлерге коммуникациялар жалғанған.

Биыл облыс, жергілікті биліктің айтуынша, тарихи рекорд орнатпақ. Кезекте тұрғандарға алғаш рет мың пәтер беріледі.

Соңғы жаңалықтар