13 қазандағы маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 13 қазанда Қазақстанда болатын маңызды шараларға шолу ұсынады.

13 қазанда Республикалық ғарыш орталығы 9:00-де қазақстандық БАҚ-тың Ғарыш дәуірі басталғанына 60 жыл толуына орай баспасөз турына шақырады.

Журналистер   Ақмола облысындағы Ақкөл қаласында орналасқан KazSat байланыс және ғарыш аппараттарын жердегі басқару кешенін аралайды.

10:00-де «Назарбаев орталығында» жоғарғы клас оқушылары арасындағы «Кім ақылдырақ?» республикалық онлайн турнирінің жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтеді.

13 қазанда 10:00-ден 16:00-ге дейін Орталық коммуникация қызметінде вайнерлер мен баспасөз хатшыларына арналған «Халық арасында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды Инстаграм мен YouTube тегі контент жасау туралы ақпаратты тарату» тақырыбында семинар тренинг өтеді.

12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР ИДМ, БҰҰДБ, Даму өзара серіктестігі аясында энерготиімді жобаларға демеуқаржы бөлу, кепілдендіру»  туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР ИДМ  индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Рустам Ақбердин,  БҰҰ ДБ өкілінің Қазақстандағы тұрақты орынбасары Мунхтуя Алтангерел, «Даму» қоры АҚ басқарма төрағасы Абай Сарқұлов.

13:0-де Мәжілісте жұмыс тобының отырысы өтеді.

Күн тәртібінде балалар құқығын қорғау ұйымдарының қызметі бойынша заңнамаға түзету енгізу.

Отырыс сарапшылар отырысы форматында өтеді.

Парламент өкілдері алдында ҚР Жоғарғы соты, Бас прокуратура, адам құқықтары бойынша ұлттық орталық өкілдері мен министрлік өкілдері сөйлейді.

15:00-де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы: қоғам мен мемлекеттің күшін біріктіру» тақырыбында қоғамдық тыңдалым өтеді.

2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясының 2015-2017 жылдарға арналған шаралап жоспары талқыланады.

15:00-де ҚР АШМ  Мал шаруашылығы департаментінің мамандары мал шаруашылығы саласының дамуы туралы ақпарат береді.

16:00-де Астанадағы оқушылар сарайында әкелер фоумы өтеді. Онда ҚР Парламент мәжілісінің өкілдері, аудандық слет қатысушылары, Астана оқушыларының әкелері қатысады.

Соңғы жаңалықтар