115 жастағы испандық бүгін Еуропаның ең қарт адамы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 115 жастағы Испания тұрғыны Ана Вела Еуропаның ең қарт адамы атанды, деп хабарлайды дүйсенбі күні El Pais испандық басылымы.

Сенбі күні Италияда 1900 жылға дейін өмірге келген Еуропаның ең қарт тұрғыны Эмма Морано 117 жасында қайтыс болды. Міне енді өткен жылдан бері Испанияның ең қарт тұрғыны атанып келген 115 жастағы Ана Вела Еуропаның ең қарт адамына айналды.

Ана Вела 1901 жылы 29 қазан күні Испанияның Кордоба қаласында өмірге келген, оның денсаулығы «әлсіз» делініп отыр. Кейуананың 89 жастағы қызының айтуынша, ұзақ өмір сүрудің ешқандай құпиясы жоқ. «Тамақтанғанда жарты бокал тәтті шарап ішкенді ұнатады, бірақ ешқашан көп ішпейді. Тамақтың барлық түрін жейді - етті де, балықты да, көкөністерді де. Ол қалыпты үй диетасын ұстайды», - деп мәлімдеді рекордшының қызы. 

Фото:© EPA/ANTONINO DI MARCO

Соңғы жаңалықтар