«100 жаңа оқулық» рухани жаңғырудың нақты құралы - сарапшы пікірі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Оразғали Селтеев «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асырылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған орталыққа сілтеме жасап.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы барлық жобалардың ішінде мұның нақты нәтижелі тиімділігі анық байқалады. Біріншіден, қазақ тілді ғылыми-білім жүйесінің мазмұнды қайта жүктелуі жайында айтуға болады. Өйткені, әлі күнге дейіноқу материалдарының тапшылығы білім бер сапасына тікелей әсер етіп отыр. Гуманитарлық ғылымның аталған кітаптары әлемнің үздік университеттерінің білім беру бағдарламасына кіретіндігін атап өткен жөн», - деді Оразғали Селтеев.

Оның айтуынша, екіншіден, бұл кітаптардың қазақ тіліне аударылуы тілдік кедергілерді жояды. Ендігі уақытта ағылшын тілін білмейтін қазақ тілді жастарға әлемдік ғылымның ой-өрісіндегі ең жоғары жетістіктер ашылып отыр.

«Үшіншіден, біз сананы жаңғырту жайында айтқан кезде кітап дәл осы процестің нақты құралы болатындығын түсіну қажет. Басқа сөзбен айтар болсақ, бұл сыни және сараптамалық дүниетанымның қалыптасу , жаңа тұжырымдар мен идеялар енгізу, қазіргі заманғы прогресшіл білімге қолжетімділікті кеңейту тетігі саналады», - деді сарапшы.

Сонымен қатар ол 100 кітаппен тоқтап қалмау да маңызды екендігіне назар аударды.

«Әлемдік ғылыми жоғары жеделдікпен қарқынды дамуда. Лайықты іргелі жұмыстар мен жаңа зерттеулер барынша жеткілікті. Сондықтан мұндай кітаптарды жүйелі түрде аударып отыру қажет. Бірақ, ең бастысы бұл мазмұнын сапалы түсіндіруге зиянын тигізбеуі тиіс. Яғни, бір тілденекіншісіне аударылатын мәтіннің бастапқы мәнін сақтау өте маңызды», - деді Оразғали Селтеев.

Естеріңізге сала кетсек, 12 сәуірде «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған алғашқы кітаптар ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа таныстырылған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар