100 кітаптың алғашқы төртеуі жыл соңына дейін аударылады - Сағадиев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша ұлттық комиссияның отырысы барысында Білім және ғылыми министрі Ерлан Сағадиев «Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі жаңа 100 оқулық» жобасын іске асыру барысы жайлы айтты, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«ЖОО және ҒЗИ ғалымдары, қоғам қайраткерлері, жетекші саясаткерлердің арасынан қазақ тіліне аудару үшін оқулықтарды іріктейтін жұмыс тобы құрылды. Бірінші отырыста «Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі жаңа 100 оқулық» жобасының аясында оқулықтарды іріктеу бойынша іс-қимыл жоспары талқыланды», - деп хабарлады ведомство басшысы.

Оның ақпаратына сәйкес оқулықтарды іріктеу критерийлері айқындалды. Сонымен, оқу құралы гуманитарлық пән: түркология тақырыбын қосқанда, тарих, философия, саясаттану, әлеуметтану, психология, мәдениеттану, филология, педагогиканы қамтуы қажет. Сондай-ақ базалық оқулықтар әлемнің 100 алдыңғы қатарлы ЖОО-дың білім беру бағдарламаларына сәйкес болуы тиіс. Белгілі баспалар (мысалы, Cengage Learning) базасында болғаны маңызды. Оқулықтарды бейінді қауымдастықтар, сондай-ақ басқа елдердің біліктілікті артыру институттары - «Өрлеу» АҚ әріптестері ұсынуы тиіс.

Білім министрінің айтуынша, оқулықтар міндетті түрде 2014 жылдан бері қайта шығарылған және мазмұны тек қана шолу материалдарына негізделген болуы керек.

«Бүгінде ЖОО ұсыныстары негізінде бастапқы тізімде 800 оқулық бар. Өңделген критерийлерге сәйкес оларды жұмыс тобы іріктейді. 7 оқулық таңдалып, халықаралық құқық иеленушілермен келіссөздер де басталып кетті, оның 4-ін 2017 жылдың соңына дейін аударуды жоспарлап отырмыз.

Бұл оқулықтар: «Экономика қағидаттары», «Социология негіздері», «Батыс философиясының жаңа тарихы», «Өзгеріп жатқан әлемдегі социология», - деп аталады деді Сағадиев.

Оның айтуынша, 2018 жылғы наурыздың аяғына дейін үш оқулықты аударуды аяқтау жоспарлануда. Бұлар «Замнауи психология тарихы», «Білім алуға және мінез-құлық кіріспесі», «Өнер тарихы». Жоба операторы - «Ұлттық аудармалар бюросы» коммерциялық емес қоғамдық қоры.
.

Соңғы жаңалықтар