10 жыл бұрын жоғалған Джон Леннонның күнделігі Берлиннен табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияда полиция  Джон Леннонның бірнеше жыл бұрын жоғалған жеке заттары мен күнделігін тапты.

58 жастағы ер адамнан табылған мүліктер 2006 жылы музыканттың жесірі Йоко Онодан ұрланған болуы мүмкін. Шамасы, арам ойлы  аты аңызға айналған Beatles тобы заттарының аукционда үлкен сұранысқа ие екендігін білген.

Мысалға, Леннонның күннен қорғайтын көзілдірігі 4,5 мың долларға сатылған.

Берлинде табылған күнделіктер мен өзге де заттар Германияда қалатын болды, деп жазады ТАСС. Оларды музыканттың жесіріне беру шешімі әзірге қабылданған жоқ.

Соңғы жаңалықтар