10 мыңнан астам адам Қазақстан халқы Ассамблеясының фестиваліне жиналады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 желтоқсан күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің «Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» атты фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фестивальде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» және «Қайырымдылық керуені» атты жалпыреспубликалық жобаларының қорытындысы шығарылады, Қазақстанның барлық өңірлерінен келген этномәдени бірлестіктердің көркемөнер және кәсіби ұжымдарының театрландырылған, вокалды-хореографиялық қойылымдары мен композициялары, музыкалық-аспаптық шығармалары, спортшылардың өнер көрсетулері және басқа да қойылымдары ұсынылады.     

Іс-шараға Ассамблеяның мүшелері мен ардагерлері, барлық өңірлерден келген республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, ҮЕҰ басшылары, ЖОО ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері, қоғам қайраткерлері, зиялы және студенттер қауымы, БАҚ өкілдері, барлығы 10 мыңнан астам адам қатысады. 

Соңғы жаңалықтар