1 млн-ға жуық қазақстандықтың базалық зейнетақысы көтеріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова базалық зейнетақының қалайша өзгеретінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл базалық зейнетақының мөлшері артады. 1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны тағайындау жүйесі өзгереді. Қазіргі кезде барлығы бірдей 15 274 теңгенің базалық зейнетақысын алады. Ал 1 шілдеден бастап 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі де, одан кейінгі зейнетақы жинақтау жүйесіне қатысу көрсеткіші де ескеріледі», - деді С. Жақыпова бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі есеп бойынша 2,1 млн зейнеткердің 46 проценті, яғни 900 мыңнан астам адам базалық зейнетақының жоғары мөлшерін алады. Ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 процентін құрайды.

«Оның мөлшері - 28 284 теңге. Демек, қазіргі 15 274  теңгенің базалық зейнетақысы 28 284 теңгеге дейін артатын болады», - деп атап көрсетті С.Жақыпова.

Соңғы жаңалықтар