КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
07.06.2012  
Республиканың батысында қар, күшті жел мен жаяу бұрқасын сақталады - 8 ақпанға арналған ауа райы Шымкентте жас жігіт өз анасы мен әжесін өлтірді Ұлыбританияда Феррари автокөлігі рекордтық 32 млн. долларға сатылды 2012 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына шамамен 70 млрд. теңге қажет етіледі - Г. Әбдіқалықова Ақтөбе облысында тағы да бір жол учаскесі жабылды 9 ақпан күні Астана қаласының әкімі қала тұрғындарының алдында есеп береді Премьер-Министр Кентаудағы ахуал бойынша кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты Үкімет басшысы осы аптада бюджетті қалыптастыруды аяқтауды тапсырды

 
07 Қыркүйек 2010, 18:41
ҚР мен АҚШ Үкіметтері арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордада Қазақстан мен АҚШ Үкіметтері арасында есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға  қосымша хаттамаға қол қойылды.

 Аталған құжатқа қол қою рәсіміне Қазақстан  тарапынан Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов, АҚШ Үкіметі атынан Төтенше және Өкілетті Елші Ричард Хоугланд қатысты.

Шара барысында еліміздің Ішкі істер министрі Мемлекет басшысының есірткі бизнесімен күрес мәселесіне зор көңіл аударып отырғандығын айта келіп, «бізде есірті бизнесімен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Оның аясында аталған қылмыстармен күресті күшейтуге 300 миллион долларға жуық қаржы бөлу қарастырылған», деді.

Сондай-ақ ол Елбасы таяуда қол қойған құқық қорғау жүйесін реформалау туралы Жарлықта да есірті бизнесімен күресті жүзеге асыратын ішкі істер органдарының бөлімшелерін одан ары күшейтуге бағытталған кешенді іс-шаралар қарастырылғандығын баса айтты.

«Елші мырза, есірткі бизнесімен күресте біздің республикамызға көрсетіп отырған қолдауыңыз бен көмегіңіз үшін алғысымды білдіремін. Бүгін қол қойылған құжат біздердің белсенді іс-әрекеттерімізге дәлел болады», деп түйіндеді сөзін С.Баймағамбетов.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
email:*
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.