КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
07.47.2012  
Республиканың батысында қар, күшті жел мен жаяу бұрқасын сақталады - 8 ақпанға арналған ауа райы Шымкентте жас жігіт өз анасы мен әжесін өлтірді Ұлыбританияда Феррари автокөлігі рекордтық 32 млн. долларға сатылды 2012 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына шамамен 70 млрд. теңге қажет етіледі - Г. Әбдіқалықова Ақтөбе облысында тағы да бір жол учаскесі жабылды 9 ақпан күні Астана қаласының әкімі қала тұрғындарының алдында есеп береді Премьер-Министр Кентаудағы ахуал бойынша кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты Үкімет басшысы осы аптада бюджетті қалыптастыруды аяқтауды тапсырды

 
07 Қыркүйек 2010, 17:48
Қырғызстанда сайлауалды науқаны тоқтатылуы мүмкін - Роза Отынбаева
АСТАНА.  Қыркүйектің  7-сі.  ҚазАқпарат  -  Қырғызстан  Президенті Роза Отынбаева   парламенттік сайлауға   қатысушы   саяси  күштерге   ескерту жасап, егер  олар  елдегі   жағдайды тұрақсыздандыратын болса,      сайлауалды  науқанның тоқтатылатынын мәлім етті.    Бұл туралы «РИА «Новости» агенттігі   хабарлады. 

Партиялық    жүйе  бойынша    парламенттік  сайлау   қазанның 10-ына   белгіленген.    Парламенттік  сайлауға қатысатын  кандидаттардың  тізімін      Әділет  министрлігі тіркеген  140-тан  астам саяси бірлестіктің атынан  29  партия беріп  отыр.

Парламенттік сайлау     сәуір айында  Құрманбек Бакиев тағынан  тайдырылғаннан кейін  қалыптасқан   билік институттарын   заңдастыруға  жасалған   кезекті  қадам  болмақ.     Қырғызстанда жаңа биліктің  қалыптасу  үдерісі  оқтын-оқтын орын  алған  азаматтық тәртіпсіздіктермен    қатар жүріп жатыр. 

«Егер,   қандай да  бір партия  халықты     қорқытумен айналысатын  болса,    ол  фактілер бойынша заңға сәйкес қатаң  шаралар  қабылдауға мен  уәде беремін.  Мен төтенше жағдай енгізіп,  сайлауды  тоқтата алатынымды  түсінулеріңіз керек.  Мемлекеттің  тұтастығы  мен   халықтың  бірлігі - депутаттық мандаттан  маңыздырақ»,  - деп мәлім етті    қырғыз   мемлекетінің  басшысы сейсенбі күні      парламенттік сайлауға  арналған  «дөңгелек үстел» отырысында.

Елдің жаңа Конституциясына сәйкес, заңды парламенті сайланғаннан кейін  ғана  Қырғызстан   парламенттік  республика атанады.   Ел президенті   тек өкілдік    қызмет атқаратын  болады да,   республиканы  басқару  жөніндегі    іс жүзіндегі  өкілеттік  парламенттік көпшілік   тағайындайтын  премьер-министрге  ауысады. 


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
email:*
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.