КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
07.28.2012  
Республиканың батысында қар, күшті жел мен жаяу бұрқасын сақталады - 8 ақпанға арналған ауа райы Шымкентте жас жігіт өз анасы мен әжесін өлтірді Ұлыбританияда Феррари автокөлігі рекордтық 32 млн. долларға сатылды 2012 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына шамамен 70 млрд. теңге қажет етіледі - Г. Әбдіқалықова Ақтөбе облысында тағы да бір жол учаскесі жабылды 9 ақпан күні Астана қаласының әкімі қала тұрғындарының алдында есеп береді Премьер-Министр Кентаудағы ахуал бойынша кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты Үкімет басшысы осы аптада бюджетті қалыптастыруды аяқтауды тапсырды

 
07 Қыркүйек 2010, 16:00
Қазақстанның Премьер-Министрі VI Байкал экономиканың форумының жұмысына қатысты
АСТАНА.   Қыркүйектің  7-сі. ҚазАқпарат - Қазақстанның Премьер-Министрі   Кәрім Мәсімов бүгін   Ресейдің Иркутск  қаласында ашылған   VI  Байкал экономиканың   форумының  жұмысына  қатысты.  Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметінен  хабарлады. 

Пленарлық   мәжілістің  ашылуында сөз сөйлеген  К.Мәсімов,  Қазақстан мен Ресейдің арасында     көптеген  экономикалық бағыттар  мен   жобалар бойынша  байырғы және   тиімді      өзара іс-қимыл орнатылғанын  атап  көрсетті. 

«РФ Президенті     Дмитрий Анатольевич Медведевтің   дәл бүгін    шекара ынтымақтастығы форумы  өтіп жатқан Қазақстанда  сапармен  жүруінің  және Қазақстан  Президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы   Назарбаевпен     екіжақты ынтымақтастықтың    нақты,    іс жүзіндегі  мәселелерін  талқылауының  өзіндік  маңызы  зор»,  - деп   атап көрсетті К.Мәсімов  өз сөзінде.

Байкал   экономикалық форумының аясында   Кәрім Мәсімов    РФ  Федералдық  Жиналысы  Федерациялар  Кеңесінің   төрағасы Сергей Мироновпен   кездесті. 

Қазақстан  Премьері сондай-ақ,   Ангар  электролиз  химиялық  комбинатында   болды, «Росатом»  мемлекеттік корпорациясының бас   директоры Сергей Кириенкомен    және  «АЭХК -Ангар  электролиз  химиялық  комбинаты»   ААҚ-ның бас директоры Александр  Белоусовпен      кездесті.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
email:*
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.