КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
07.46.2012  
Республиканың батысында қар, күшті жел мен жаяу бұрқасын сақталады - 8 ақпанға арналған ауа райы Шымкентте жас жігіт өз анасы мен әжесін өлтірді Ұлыбританияда Феррари автокөлігі рекордтық 32 млн. долларға сатылды 2012 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына шамамен 70 млрд. теңге қажет етіледі - Г. Әбдіқалықова Ақтөбе облысында тағы да бір жол учаскесі жабылды 9 ақпан күні Астана қаласының әкімі қала тұрғындарының алдында есеп береді Премьер-Министр Кентаудағы ахуал бойынша кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты Үкімет басшысы осы аптада бюджетті қалыптастыруды аяқтауды тапсырды

 
07 Қыркүйек 2010, 14:41
1800 қазақстандық отбасы бала асырап алу кезегінде тұр - Білім және ғылым вице-министрі
АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 1800 қазақстандық  отбасы бала асырап алу кезегінде тұр. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым вице-министрі Махметғали Сарыбеков ел Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары және жасөспірімдер үйлері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы» ҚР заңының жобасын талқылауда айтты.

«Жетім балаларды қамқорлыққа алған ата-аналарға Үкімет тарапынан қосымша жалақы төлеу мәселесін қазіргі уақытта республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізіп отырмыз. Біздің ұсынысымыз бойынша ол 30 айлық есептік көрсеткіштің деңгейінде болуы керек. Егер бұл мәселе қабылданатын болса, онда жетім балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілердің саны күрт өзгереді», деді ол өз сөзінде.

М.Сарыбековтің сөзіне қарағанда, мемлекет тарапынан қосымша ақша төленсе деген ұсынысты 6,5 мың баланы асырап алған ата-аналар жасап отыр екен. Ал жалпы елімізде бұл санаттағы ата-аналар саны 25 мыңды құрайды. Егер министрлік ұсынысы қабылданатын болса, онда жыл сайын республикалық бюджеттен 11 миллиард теңге көлемінде қаржы шығындауға  тура келмек.

Сонымен қатар вице-министрдің атап өтуінше, қазіргі уақытта балалар үйлеріндегі жетімдер саны да жылдан-жылға азайып келе жатыр. «Өйткені қазіргі уақытта бала асырап алушы қазақстандық отбасылар саны артуда. Қазіргі таңда 1800 ата-ана бала асырап алу кезегінде тұр», деді М.Сарыбеков.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
email:*
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.