КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
07.47.2012  
Республиканың батысында қар, күшті жел мен жаяу бұрқасын сақталады - 8 ақпанға арналған ауа райы Шымкентте жас жігіт өз анасы мен әжесін өлтірді Ұлыбританияда Феррари автокөлігі рекордтық 32 млн. долларға сатылды 2012 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына шамамен 70 млрд. теңге қажет етіледі - Г. Әбдіқалықова Ақтөбе облысында тағы да бір жол учаскесі жабылды 9 ақпан күні Астана қаласының әкімі қала тұрғындарының алдында есеп береді Премьер-Министр Кентаудағы ахуал бойынша кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты Үкімет басшысы осы аптада бюджетті қалыптастыруды аяқтауды тапсырды

 
03 Қыркүйек 2010, 17:26
Қазіргі күнде Қазақстанда үлескерлердің мүдделері 100 пайыз қорғалған

  АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазіргі күнде Қазақстанда үлескерлердің мүдделері 100 пайыз қорғалған. Біздің елімізде үлескерлік құрылыстың келешегі бар. Бұл туралы бүгін Bnews порталында өткен  онлайн-конференцияда Құрылыс істері және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық агенттігі Тұрғын үй саясаты департаментінің директоры Кенжеболат Мыңбаев айтты.

Оның айтуынша, тиісті заңнамаға енгізілген өзгертулерге сәйкес, аяқталмай қалған тұрғын үйлердің құрылысына мемлекет тарапынан бөлінген, үлескерлер салған қаражат бірде-бір құрылыс салушы компанияға түспейді, енді депозитте жататын болады. «Бұл жерде үлескердің құқығы толығымен қорғалған. Тіпті құрылыс салушы компания құрып кеткен күннің өзінде, үлескер ұтылмайтын болады, оның ақшасы сақталады. Үлескер салған қаржысын қайтарып алады, оған қосымша проценттер алады», деді К. Мыңбаев.

 Осы орайда, К. Мыңбаев жаңа заңнамаға сәйкес, құрылыс салушы компанияға қойылатын талаптар да қатаңдатылғанын атап көрсетті. «Құрылыс салушы компания нөлдік циклды өзі салуы тиіс, құрылысты одан әрі жалғастыруға онда белгілі бір көлемде қаржы болуы қажет. Лицензиялаудың екі кезеңі енгізілген», деді ол. Осы орайда, К. Мыңбаев Қазақстанда үлескерлік құрылыстың келешегі бар екендігін атап көрсетті. «Менің ойымша, келешекте үлескерлік құрылыс дамитын болады. Әрине, дағдарыстың салдарынан құрылыстың көлемі төмендеп кетті. Егер біртіндеп экономикамыз қалпына келетін болса, сұраныс ұсынысты туғызады», деді ол. Оның айтуынша, енді Қазақстанның құрылыс нарығында тиісті заңнаманың талаптарына сәйкес келетін құрылыс компаниялары ғана жұмыс істейтін болады.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
email:*
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.