КАЗ
РУС
QAZ
ENG
قازاقشا
07.14.2012  
Республиканың батысында қар, күшті жел мен жаяу бұрқасын сақталады - 8 ақпанға арналған ауа райы Шымкентте жас жігіт өз анасы мен әжесін өлтірді Ұлыбританияда Феррари автокөлігі рекордтық 32 млн. долларға сатылды 2012 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына шамамен 70 млрд. теңге қажет етіледі - Г. Әбдіқалықова Ақтөбе облысында тағы да бір жол учаскесі жабылды 9 ақпан күні Астана қаласының әкімі қала тұрғындарының алдында есеп береді Премьер-Министр Кентаудағы ахуал бойынша кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты Үкімет басшысы осы аптада бюджетті қалыптастыруды аяқтауды тапсырды

 
03 Қыркүйек 2010, 15:16
Мемлекет басшысы Астананың салыну жоспары туралы айтты
Елбасы
 АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұма, қыркүйектің 3-і күні «Изумрудный квартал» кешенін аралай отырып, Астанада салынуы жоспарланып отырған жаңа нысандар туралы айтты.

«Бұл жерде Оқушылар сарайы салынатын болады. Өнер университеті жанынан 5 мың орынға арналған жаңа университет ғимараты бой көтереді. Тәуелсіздік сарайының оң жағында Қазақстан Тарихының мұражайы орналасады. «ҚазМұнайГаз» ғимаратының артынан жаңа Опера және балет театрының қабырғасы қаланады», - деді Н.Назарбаев.

Бұрынырақ Мемлекет басшысы сулы-жасыл желекте елдің ірі телекомпаниялары орналасатын медиа-орталықтың ашылатындығы туралы хабарлаған болатын. «Бұл фильмдер түсіріп, қоғамдық іс-шаралар өткізуге арналған заманауи студиялармен жабдықталған жаңа медиа-кешен болады», - деп атап өтті Елбасы.

Мемлекет басшысы келесі жылы үлескерлердің барлық мәселесі шешімін табатындығын жеткізді. Президент жалға берілетін үй қазақстандықтарды тұрғын үймен қаматамасыз етудің жақсы шешімі екендігін, сонымен қатар төлеп отырған жалдау қаражаты сол пәтерді сатып алуға есептеліп отыратындығын атап көрсетті.


Пiкiрлер (0)
Пікір қалдыру
Аты:
email:*
Кодты енгізіңіз:*

Код тізім есебімен енгізіледі

 






© 2012 «ҚазАқпарат» ҰК ААҚ
«ҚазАқпарат» ҰК ААҚ-ының материалдарын компания басшылығының жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға тыйым салынады.